«Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығы (2024.27.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 230 бұйрығы

(2024.27.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 21 тамыздағы № 284 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2024.03.05. № 145 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 27 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Органикалық өнім өндіру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Органикалық өнім өндіру мен оның айналымы қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

А. Мырзахметов

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрінің м.а.

М. Құсайынов

2016 жылғы 2 маусым

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.